ҚР Парламенті Сенаты комитетінің көшпелі отырысында экология мәселелері талқыланды

 АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат -  ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің көшпелі отырысы аясында депутаттар «Қалдықтарды басқару және ел аумағын тарихи ластанулардан тазарту жүйесін құру саласындағы заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» ұсынымдарының орындалу барысы туралы орталық және жергілікті органдардың ақпараттарын тыңдады,

ҚР Парламенті Сенаты комитетінің көшпелі отырысында экология мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы мамыр айында Сенатта өткізілген «дөңгелек үстел» жұмысының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар туралы айта келіп, Комитет хатшысы Қуаныш Айтаханов қоршаған орта сапасын басқару жүйесін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

 Қалдықтарды басқаруға қатысты жұмыстардың белсенділігін арттыру, оларды қайта өңдеу мен шаруашылықтарда қолдануға тарту, сондай-ақ экологиялық инновацияларды енгізу қажеттігін атады.

 ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Әшімов әртүрлі салалардағы қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты қолға алынған шаралар туралы хабарлады. Оның айтуынша, ұсынымдарды орындау шеңберінде мүдделі органдармен бірлесіп өнеркәсіптің түрлі салаларындағы иесіз және тарихи ластанулар жөнінде сандық ақпарат жинау жолымен қоршаған ортаның ластану нысандарына түгендеу жүргізілген.

 Министрлік «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеген. Кешенді түгендеу және тарихи ластануларды жою бойынша жұмыстарды жүргізу мәселелерін шешу мақсатында «Көктеп даму» қалдықтарды басқарудың ұлттық орталығын құру ұсынылды.

 Отырыс барысында қатысушылар тиісті заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгертулерді уақытылы енгізу арқылы заңнамалық реттеуге, қалдықтарды басқару жүйесінде экономикалық ынталандыру шараларын қабылдау қажеттілігіне баса назар аударылды.