ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып Бектас Әбдіxанұлы Бекназаров тағайындалды.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің орынбасарлығына Бектас Әбдіxанұлы Бекназаровты сайлауға ұсынды. Сенаторлар бірауыздан Бектас Бекназаровтың кандидатурасын қолдады.
"Бектас Әбдіxанұлын сіздер барлықтарыңыз білесіздер. Ол - білікті заңгер, сот жүйесінің барлық сатыларынан өткен, Жоғары Сот Төрағасы, Жоғары Сот Кеңесі төрағасы қызметтерін атқарған тәжірибелі депутат", деді Қ. Тоқаев.
Отырыс барысында бірқатар комитет төрағалары да тағайындалды.