ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өз жұмыстарын аймақтарда жалғастыруда

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат – Осы жылғы сәуірдің 10-19-ы аралығында Парламент Сенатының депутаттары өз жұмыстарын аймақтарда жалғастырады. Дәстүрлі сапар барысында сенаторлар жұртшылықпен, атқарушы және сайланбалы билік органдарымен кездеседі,

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өз жұмыстарын аймақтарда жалғастыруда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеру және одан әрі өсу үшін жағдай жасауға бағытталған тұрақтандырушы бағдарлама ретіндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының қағидаттарын түсіндіруге ерекше назар аударылмақ. Депуттар әлеуметтік міндеттердің орындалуы, халықтың еңбекпен қамтамасыз етілуі, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы жөніндегі мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтып береді.