ҚР Парламенті Сенатының төрағасы өз блогына келушілерді келе жатқан Жаңа 2013 жылмен құттықтады
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өз блогына келушілерді келе жатқан Жаңа 2013 жылмен құттықтады.
«Менің блогыма келушілерді келе жатқан Жаңа 2013 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл - бүкіл адамзатты біріктіретін ерекше мереке, оны біздің ғаламшарымыздың барлық құрлықтарының тұрғындары атап өтеді. Ол әр үйге келіп, кереметтерді күтумен, жақсылыққа деген сеніммен, жылуымен сыйға бөлейді.
Жаңа жылда сіздердің барлық жоспарларыңыз мен бастамаларыңыз жүзеге асырылып, армандарыңыз бен үміттеріңіз орындалсын. Барлығыңызға мықты денсаулық, игілік және гүлдену тілеймін!», - делінген құттықтауда.