ҚР Парламентінің жаңадан тағайындалған депутаттары Қазақстан халқына ант берді

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Жаралығымен тағайындалған Парламент Сенатының депутаттары Қазақстан халқына ант берді.

ҚР Парламентінің жаңадан тағайындалған депутаттары Қазақстан халқына ант берді

Ант бергендер қатарында Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған сенаторлар Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Серік Нөгербеков және Нұрлан Оразалин, сонымен қатар еліміздің Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелген Ольга Шишигина болды.

Антты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.