ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Digital Almaty 2025 форумына қатысты
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Өткен аптаның соңында «Digital Almaty 2025» форумы мәресіне жетті. «Жасанды интеллект: жаңа дәуір технологиясы» тақырыбында өткен ауқымды іс-шараға ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы белсене атсалысты.

Екі күн ішінде 25 мыңнан астам адам келген IT форумда кәсіпорынның жетістіктері көрсетілген мүйіске қызығушылық танытқандардың қатары көп болды.

ИТО жұртшылық назарына ұсынған жаңашыл шешімдердің қатарында:
САК (ситуациялық-аналитикалық кешен); БКЖ (бірыңғай кадр жүйесі); Веб-портал – мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған цифрлы экожүйе; БМАЖ (Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе) тағы басқалары болды.

Инженерлік-техникалық орталық әзірлеген жүйелердің мүмкіндіктерін көрнекі түрде паш ету үшін келушілерге арнайы контенті бар VR-көзілдірік беріліп, әр жүйенің ерекшелігі суреттелген материалдар таратылды.

Жаңа жүйелер жасанды интеллектіні жобаларға енгізудің әлеуетін көрсетті.
ИТО жобалары Қазақстанның ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің компанияларына ұсынылғанын атап өткен жөн.