ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Жетісу облысындағы күндері басталды. Іс-шара 6 желтоқсан, яғни осы аптаның соңына дейін жалғасады.

ҚР ПІБ Медорталығы
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

Екі жылдан бері өткізіліп жүрген өңірдегі күндер аясында озық технологияларды аймақтардағы медициналық нысандарда тәжірибеге енгізу, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстардағы медициналық мекемелермен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту көзделген. 

ҚР ПІБ Медорталығы
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

Делегация құрамына халықаралық JCI, ISO, GLP, GMP (аллерголог, травматолог-ортопед, реабилетолог, аритмолог, эндокринолог, генетик, гастроэнтеролог, реаниматолог, кардиохирург, нейрохирург, онкохирург және басқалар) стандарттарын иеленген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері еніп отыр. 

ҚР ПІБ Медорталығы
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

Жоғары білікті мамандар Жетісу тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді (операциялар, консультациялар). Жергілікті мамандармен әдіснамалық жұмыс жүргізеді: Талдықорған қаласының емдеу мекемелері базасында дәріс, семинар және практикалық шеберлік сабақтары жоспарланған. 

ҚР ПІБ Медорталығы
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы

Дәрігер қабылдауына жазылу үшін медициналық мекемелердің тіркеу нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.

 

Пациенттерді қабылдау кестесі:

2 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

● 10:30-14:00 – эндокринолог Адамбекова Айгүл Социалқызы;

● 13:00-16:00 – травматолог Қабдешев Асхат Қабдешұлы;

Облыстық перинаталдық орталықта:

● 14:00-18:00 - генетик-дәрігер Әбілдинова Гүлшара Жүсіпқызы;

Облыстық кардиологиялық орталықта:

● 16:00-18:00 – аритмолог Абдрахманов Аян Сүлейменұлы қабылдайды.

3 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

● 10:30-14:00 – эндокринолог Адамбекова Айгүл Социалқызы;

● 10:30-16:00 – гастроэнтеролог Исақова Гаухар Бахтанқызы;

●11:30-15:00 – пульмонолог Рахметова Бибінұр Хақымғалиқызы;

Облыстық кардиологиялық орталықта:

● 16:00-18:00 – аритмолог Абдрахманов Аян Сүлейменұлы қабылдайды.

5 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

13:00-16:00 – ангиохирург Жуловчинов Максим Маратович.

В Талдыкорганской городской поликлинике:

● 09:00-15:00 – геронтолог Байкенова Әсемгүл Саятқызы;

● 10:30-16:00 – невролог Мырзахметов Махмут Мұратұлы қабылдайды.

6 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

● 09:00-15:00 – геронтолог Байкенова Әсемгүл Саятқызы;

● 10:00-16:00 – аллерголог Түсіпбекова Ғалия Марксқызы;.

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында:

● 11:00-18:00 – эпилептолог Кимадиев Дархан Байжанұлы қабылдайды.

Сондай-ақ, іссапар аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Жетісу облысы әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарланған.

ҚР ПІБ Медорталығы
Фото: ҚР ПІБ Медорталығы
Соңғы жаңалықтар