ҚР Премьер-лигасы: «Спартак» - «Астана» - 1:1
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде «Спартак» стадионында Премьер-лига командаларының арасында футболдан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының кезекті ойынында семейлік «Спартак» «Астана» командасын өз алаңында қабылдады, деп хабарлады sports.kz.
Ойын бастала салысымен контршабуылды қолға алған алаң иелері бірінші таймда есеп ашты. Даниэл Пеевтің дәл соққысы «Астана» қақпашысы Владимир Логиновскийді қапы қалдырғанымен екінші таймда Горан Обрадович автогол салды. Ойынның 66-шы минутында «астаналық» Дамир Кояшевич алыстан соққы бағыттағанымен қорғаушылардан аса алмады. Алайда, Кояшевичтің епкінді соққылары құр кетпеді. Допты иеленген «Астана» командасының шабуылшысы Атанас Курдовтың кезекті пасын қайтармақ болған Горан Обрадович өз қақпасына автогол салып, таразы басын теңестірді. Бұдан кейін де қонақтар шабуылды тоқтатқан жоқ. Қосымша уақытта Таңат Нөсербаев пен Атанас Курдовтың соққыларына «Спартак» қақпашысы Даниил Рихард төтеп бере алды. Енді «Астана» командасы 17 шілде күні тель-авивтік «Хапоэльді» «Астана Арена» спорт кешенінде қабылдайды, деп жазады sports.kz.