ҚР Премьер-Министр бірқатар кеңестер өткізді
АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов құқық қорғау органдарын және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Түстен кейін Премьер-Министр балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда Білім және ғылым министрлігі мүдделі құрылымдармен бірлесіп әзірлеген «Балапан» бағдарламасының жобасы талқыланды. 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты - мектепке дейінгі тәрбиелеу пен оқыту ұйымдарының сапалы қызметке халықтың қажеттілігін қанағаттандыру. 2015 жылға 650 мыңнан астам бала (мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санының 70 пайызы) мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.