ҚР Премьер-Министрі Астанадағы Ұлттық биотехнологиялар орталығында болды
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бейсенбі күні Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық биотехнологиялар орталығында болды.
Үкімет басшысы биотехнология және селекция, иммундық химия және иммундік биотехнология зертханаларының, ұлттық ғылыми ұжымдық пайдалану биотехнология зертханасының жұмыстарымен танысты және сондай-ақ микроорганизмдердің республикалық коллекциясын көрді.
Ұлттық биотехнологиялар орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов Үкімет басшысына орталықтың ғылыми ұжымының соңғы бес жыл ішіндегі негізгі жетістіктері туралы айтып берді.
«Доңыз және құс тұмауына қарсы жасалған (ҰБО орталығы жасаған) вакциналар Санкт-Петербордағы тұмау институтында клиникалық сынақтан өтуде. Вациналар барлық халықаралық талаптарға, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай жасалған және бәсекеге өте қабілетті және экспортқа бағдарланған өнімдер болып табылады», - деді Е.Раманқұлов.
Оның айтуынша, орталық 29 диагностикалық тесті-жүйенің технологиясын жасап, өндірісін ұйымдастырды және малдар мен құстардың, күйіс қайыратын уақ малдардың қорасан, оба, аусыл, құтыру, бруцеллез және туберкулез сияқты ауруларына қарсы ветеринария үшін 26 вакцина шығарды.
Бұдан басқа «Экобак» деп аталатын мұнаймен ластанған топырақты тазартатын отандық жоғары тиімді препарат, бидайдың жоғары өнім беретін бес сұрыбы және күріштің екі жаңа сұрыбы жасалды.
Өз кезегінде К.Мәсімов «Бүгінгі көргендерім көңілге сенім ұялатады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ресурстар салынған институттар белгілі бір алғашқы ғылыми әсер беруде. Енді ғылыми жасалымдарды практикалық нәтижелермен байланыстыру өте маңызды», деп атап өтті.
Тұтастай алғанда, Премьер орталық жұмысына қанағаттанғандығын білдірді және ғылыми ұжым жұмысына табыс тілеген ізгі ниетін жеткізді.