17:10, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Астанадағы жаңа өрт сөндіру депосымен танысты
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана қаласының Есіл ауданында жаңадан ашылған өрт сөндіру депосының жұмысымен танысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет басшысы жаңа өрт сөндіру қызметінің ғимаратында орналасқан шағын дағдарыс орталығының жұмысымен танысып, сондай-ақ депода орналасқан құтқару техникасы мен құрал-жабдықтарды көріп шықты.ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың сөзіне қарағанда, аталған депода құрамына 113 құтқарушы кіретін № 3 өрт сөндіру бөлімшесі орналасатын болады. Ал олардың қызметі осы ғимараттағы шағын дағдарыс орталығынан басқарылады. Сондай-ақ бұл жерде құрылым қызметкерлеріне арналған 16 пәтер бар. Жаңа өрт сөндіру депосы қызметінің басты мақсаты ? қаланың сол жағалауындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.