ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің мәлімдемесі
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Бірқатар қазақстандық БАҚ-да жарияланған материалдарда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің еліміздің футболдан бас жаттықтырушысы Бернд Шторкке қатысты жеке блогында жариялаған сөзіне сілтеме жасалған.
Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі К.Мәсімов Қазақстан футбол құрамасының ойындары секілді, команданың бас жаттықтырушысы Б.Шторкке қатысты өз пікірін айтпағандығын ресми мәлімдейді.
Осыған байланысты ҚазАқпарат жоғарыда айтылған пікір қазанның 7-сі күнгі салынған материалда пайдаланылғандықтан, өз оқырмандарынан кешірім сұрайды. Сондықтан да ол материал сайттан алынып тасталды.