ҚР Премьер-Министрі бірқатар министрліктер мен ведомстволардың жаңа басшыларын таныстырды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін бірқатар министрліктер мен ведомстволардың жаңа басшыларын таныстырды.

ҚР Премьер-Министрі бірқатар министрліктер мен ведомстволардың жаңа басшыларын таныстырды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Экономикалық даму және сауда министрлігінің ұжымына оның жаңа басшысы - Қайрат Келімбетовті таныстырды.

К.Мәсімов атап өткендей, Мемлекет басшысы тарапынан ел Үкіметі алдына қойылған стратегиялық міндеттемелер аясында алдағы уақытта Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметі кеңейтіледі.

***

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа төраға - Тимур Құлыбаевты таныстырды.

Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ауқымды индустрияландыруды, сонымен қатар ұлттық компанияларда корпоративті басқару қағидаларын енгізу шараларын табысты жүзеге асыруды жалғастыратынына сенім білдірді.

***

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының жарлығымен Көлік және коммуникация министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалған Берік Камалиевті ұжымға таныстырды.

Премьер-Министр көлік-коммуникация кешенінің ел экономикасын тиімді нығайту, Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге жағдай жасаудағы атқарып отырған рөлінің маңыздылығын атап өтті.