ҚР Премьер-Министрі: Бірыңғай зейнетақы қорына мемлекет үлкен кепілдік береді

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Бірыңғай қордың зейнетақы активтерін тек қана Ұлттық банк басқарады. Бұл туралы Үкімет басшысы Серік Ахметов бүгін «Хабар» телеарнасындағы «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
None
None

«Қазір Парламент қарауында жатқан жаңа заң қабылданса, елімізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылады. Осы қорды кім басқарады әрі қорда қаражаттың сақталуына кім кепілдік береді?» -деген тілші сауалына Серік Ахметов: «Бірыңғай қордың зейнетақы активтерін тек қана Ұлттық банк басқарады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының жанынан құрылған арнайы кеңестің бақылауында болады. Қордың қызметі тек халықтың зейнетақы жинағының сақталуына, оның өсуіне бағытталған және бұған мемлекет үлкен кепілдік береді»,-деп жауап берді.

Соңғы жаңалықтар