ҚР Премьер-Министрі БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстандағы аймақтық үйлестірушісімен кездесті
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстан Республикасындвағы аймақтық үйлестірушісі Сабер Азаммен кездесті,
деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында босқындарға, соның ішінде төтенше жағдайларда көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанда олардың құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды.
Сабер Азам Премьер-Министрге БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы өкілдігінің жұмысы туралы баяндады және Қазақстанның республика аумағында олардың құқықтық мәртебесін айқындайтын босқындар туралы ұлттық заң қабылдауын құптады.