ҚР Премьер-Министрі Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Отырысқа қатысушылар 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі салалық бағдарламаны, сондай-ақ энергетика, металлургия, фармацевтика, агрохимия және мұнай химиясы салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.