ҚР Премьер-Министрі Huawei компаниясының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компания вице-президенті Эми Лин бастаған Huawei Technologies өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz  сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Huawei компаниясының өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында компаниямен еліміздің телекоммуникация саласында бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.

Айта кетерлігі, Huawei Technologies 1988 жылы ҚХР-да құрылған, штаб-пәтері Шеньчжень қаласында орналасқан. Бүгінде әлем бойынша 12 өңірлік өкілдігі қызмет көрсетеді. Компания өнімдері әлемнің 170-тен астам еліне шығарылады.

Қазақстанда Huawei компаниясының өкілдігі 1998 жылы құрылған. Компанияның Қазақстандағы қызметі Huawei корпорациясының барлық үш бизнес-тобын қамтиды.