ҚР Премьер-Министрі ИДБ президенті мен «Exxon Mobil» өкілін қабылдады

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Серік Ахметов Ислам Даму Банкінің президенті Ахмад Мохаммад Әли әл-Маданиді қабылдады.

ҚР Премьер-Министрі ИДБ президенті мен «Exxon Mobil» өкілін қабылдады

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі мен энергетика, көлік және агроөнеркәсіптік кешені салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар С. Ахметов бүгін «Exxon Mobil» корпорациясының аға вице-президенті Марк Альберспен кездесті. Онда мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, оның ішінде Қашаған кен орнын өндіру мен жүзеге асыру жайы сөз болды.