ҚР Премьер-Министрі Иран Парламентінің Төрағасымен кездесті
АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Иран Ислам Республикасы Праламентінің төрағасы Али Ардашир Лариджанимен кездесті,
деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бұдан арғы екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы аймақтық өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікіралмасу болды.