08:56, 28 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионын құттықтады
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдiмәлiк Бразилияда өткен шахмат турнирінде алтын медаль жеңіп алып, әлемнiң төрт дүркін чемпионы атанды. Бұл туралы турнирдың ресми сайтында хабарлады.

12 жасқа дейінгі ойыншылардың арасында сынға түскен Ж. Әбдiмәлiк 9 турдың 8-ін ұтты.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов төрт дүркін әлем чемпионын өзінің Twitter-дегі микроблогы арқылы құттықтап үлгерді. «Жансая Әбдімәлікті Бразилиядағы шахмат турниріндегі алтын медалімен құттықтаймын», - деп жазады Үкімет басшысы әлеуметтік желіде.
Жалпы Қазақстан құрамасы бұл турнирде 2 алтын және бір қола медальды қанжығаға байлап, жалпыкомандалық екінші орынға ие болды. Құраманың сапынан Бибісара Асаубаева 8 жасқа дейінгі шахматшылардың ішінде үздік атанып, біздің есебімізді тағы бір алтынмен толтырды. Чемпионаттың қола медалі 16 жасқа дейiнгі топтағы Әлiбек Игембергеновке бұйырды.