16:36, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Қарағанды облысындағы Жол картасының іске асырылуына көңілі толатынын білдірді және аймаққа қосымша қаражат бөлінуі мүмкін екендігін айтты
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысындағы Жол картасының іске асырылуына көңілі толатынын білдірді. Бұл жөнінде ол аймаққа жасаған жұмыс сапары аясында нысандармен танысқаннан кейін журналистермен болған сұхбат барысында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес ел Үкіметі Жол картасын әзірлеген болатын. Оның іске асырылуына, оның ішінде бірлесіп қаржыландыру шартымен Қарағанды облысы үшін айтарлықтай ірі ресурстар бөлінді, ? деді Премьер-Министр. ? Жұмыссыз қалған адамдар екінші мамандық алады. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар жаңартылатын болады».К.Мәсімовтың айтуынша, бүгін Қарағанды облысында көргендері Жол картасының іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. «Мен облыс әкімінің орталық атқару органдарымен бірге жасап отырған жұмыстары бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан бастан кешіп отырған жаһанды қаржы дағдарысын барынша жұмсартатынын айтуға мүмкіндік береді, ? деді Үкімет басшысы. ? Егер Президент мерзімінде шешім қабылдамаса, олар осылайша тез және тиімді жүзеге асырылмаған болар еді, яғни адамдар көптеген проблемаларды бастан кешірер еді».К.Мәсімов Қарағанды облысында Жол картасын іске асыруға бөлінген қаражат барынша тиімді игеріліп жатыр деп есептейді. «Мен, егер бұдан әрі іс осылайша ілгері жылжитын болса қаражаттардың Қарағанды облысының аумағында жұмыс істеуі үшін біздер қосымша ресурстар бөлуіміз мүмкін деп ойлаймын», ? деді Премьер-Министр.Естеріңізге сала кетейік, Жол картасын іске асыруға Қарағанды облысына 13 млрд. теңге бөлінген болатын.