ҚР Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов Израильдің бұрынғы Премьер - Министрі Эхуд Ольмертпен кездесті
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов Израильдің бұрынғы Премьер-Министрі Эхуд Ольмертпен кездесті,
деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесуде Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық өзара қарым - қатынастың ағымдағы жай - күйі және перспективалары жөнінде, сондай-ақ орын алып жатқан жаһандық экономикалық үдерістер және оның Қазақстан мен Израиль елдеріне әсері туралы әңгіме өрбіді.
Тараптар екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілікті және Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап өтті.