ҚР Премьер-Министрі: «Қазақ туризм» ұлттық компаниясын құру процедурасын жеделдету керек

«Трансұлттық компаниялар мен стратегиялық инвесторлар тарту бойынша Инвестициялар және даму министрлігі Қазинвест және әкімдермен бірге әрбір инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы жауапкершілік аймағын айқындауы қажет. Басты назарда экспорттық құрамдас пен өнімділікті арттыру болуы тиіс. Жеке жауапкершілік Жеңіс Махмұдұлы (Инвестициялар және даму министрі Қасымбек) сізге жүктеледі», - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы туризмді дамыту мәселесіне де баса назар аударды.
«Мәдениет және спорт министрлігі екі апталық мерзімде туристік саланы дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары мен туристік кластер үшін зәкірлік инвесторларды тарту бойынша нақты ұсыныстар енгізуі тиіс. Асқар Ұзақбайұлы (Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Мәмин) Мемлекет баксшысы Щуьче-Бурабай шипажай аумағын дамытуды қайта пішімдеу тапсырмасы бар. Бұл мәселені жеделдету керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысына ұсыныс енгізу қажет. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясын құру процедурасын жеделдету керек. Арыстанбек Мұхамедиұлы (Мәдениет және спорт министрі) жұмыстарды жедел бастау қажет», - деді Үкімет басшысы.