ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселесін «Ernst&Young» компаниясының басшысымен талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум жұмысы аясында әлемдік ірі компаниялар басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады primeminister.kz ресми сайтында.
«Ernst&Young» компаниясының директорлар кеңесі төрағасы М.Вайнбергермен әңгімелесу барысында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Валюталық-қаржылық, банк және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері JPMorgan Бас атқарушы директоры Д.Пинтомен кездесуде қаралды.