ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысының бірқатар индустриялық және ауылшаруашылық өндіріс орындарында болады

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, ертең Үкімет басшысы бірқатар индустриялық өндіріс ошақтарына барады. Бірінші кезекте ол жаңадан салынып жатқан Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігін аралайды. Сондай-ақ Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігінің басқа нысандарына - Сарыбай карьеріне, ЖЭС мен оқу орталығын көреді. Рудный қаласында «Фирма «Арасан» компаниясының филиалын аралайды деп күтілуде.
Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінде Премьер-Министрге мал шаруашылығының кешенін дамыту бағдарламасы аясында ірі қара малдың санын арттыру бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу тәжірибесі көрсетілетін болады. Ол сондай-ақ ауыр шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі.
Қостанайда С. Ахметов үй салу кешенінің құрылыс алаңында, «ЕуразКаспианСталь», «Агромашхолдинг» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС индустриялық алаңдарында болады.
Премьер-Министр жұмыс сапарының соңында облыс активімен ауқымды жиынның қорытындысын шығарады.