ҚР Премьер-Министрі Кристин Лагардты Халықаралық валюта қорының әкімші-директоры болып тағайындалуымен құттықтады
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Кристин Лагардты Халықаралық валюта қорының әкімші-директоры болып тағайындалуымен құттықтады.
«К.Лагардты Халықаралық валюта қорының әкімші-директоры болып тағайындалуымен құттықтаймын», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі блогына.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Францияның бұрынғы қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының жаңа басқарушы-директоры болып сайланды. Қордың тарихында оны алғаш рет әйел адам басқарғалы отыр.
Толығырақ http://pm.kz сайтынан, www.facebook.com:80/KMassimov , http://vkontakte.ru/kmassimov блогтарынан оқи аласыздар.