ҚР Премьер-Министрі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалап қайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен барған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жеке өзі бағалап қайтпақ, деп хабарлайды pm.kz.
None
None

Үкімет басшысы бүгін Қызылорда облысына келді. Өзінің туиттердегі аккаунтында: «Крайний» әуежайына келдім. Бүгін зымыран сәтті ұшырылды» деп жазды.

Премьер-Министрдің жұмыс сапары «Крайний» әуежайын көруден басталды. Бүгін мұнда «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Гагарин тұғырынан» «Союз МС» жаңа сериясының алғашқы «Союз-ФГ» зымыран-тасымалдаушысы сәтті ұшырылды. 

«Союз МС» басқарылатын кеме  бортында МКС-48/49 ұзақ экспедициясының мүшелері ғарышкер Анатолий Иванишин, астронавт ДжАКСА Такуя Ониши және НАСА ғарышкері Кэтлин Рубинс бар. Кеменің ғарыш стансасымен түйісуі 2016 жылдың 9 шілдесіне жоспарланған.

Айта кетейік, Премьер-Министрдің жұмыс сапары бағдарламасында Байқоңыр қаласына және Қызылорда облысының елді мекендеріне бару жоспарланған. Мұнда Премьер-Министр қаланың және қала айналасындағы елді мекендер дамуының бас жоспарымен танысады және орта мектеп, балаларды оқыту-сауықтыру орталығына барады, Жақсықылыш ауылының тұрғындарымен жүздеседі.

Сонымен бірге, Кәрім Мәсімов суармалы жер, су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру туралы республикалық кеңес өткізеді деп жоспарлануда және Арал проблемасы,  өңірдегі агро-өндірістік кешен, шағын және орта бизнес мәселелері де талқыланатын болады. 

Соңғы жаңалықтар