ҚР Премьер-Министрі микронесиелендіру жұмысында ауыл шаруашылығына ерекше мән беруді тапсырды
АНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Қаржы министрлігіне микронесиелендіру жүйесін жетілдіру туралы заң жобаларын әзірлеп, 1 сәуірге дейін Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.
Осы орайда Үкімет басшысы микронесиелендіру жүйесін жетілдіру мәселесін ауыл шаруашылығымен байланыстыру қажет деп санайды. «Себебі микронесие беру жұмысының басым бөлігі ауыл шарушылығын қамтып, мал шаруашылығы мен өсімдік өсіру салаларымен тығыз байланысты болмақ. Осының бәрін бір ізге түсіру қажет», - деді К.Мәсімов.