ҚР Премьер-Министрі он-лайн конференцияны жеңіске әділ жеткеннің алаңында өткізуге уәде етті

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің он-лайн конференциясын жеңіске әділ жеткеннің алаңында өткізуге уәде етті. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі жеке парақшасына жазды.
None
None

«Он-лайн конференцияны жеңіске әділ жеткеннің алыңда өткіземін. Процестің ашықтығы үшін балама конференцияны «Азаттық радиосында» өткіземін», - деп жазды Премьер.

Еске салайық, К.Мәсімов он-лайн конференциясын өткізу алаңын дауыс беру тәсілі арқылы анықтауда. Кеше, дауыс беру жүріп жатқан Үкімет басшысының сайтына хакерлер бұзып кіріп, олар сайтты иеленген 20 минуттың ішінде «Азаттық радиосының» пайдасына 20 мың дауыс берілгендігі анықталды.

pm.kz сайтының әкімшілігі «әділсіз» жолмен қосылған дауыстарды алып тастады.

Соңғы жаңалықтар