20:32, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Павлодардағы инновациялық жобаларды жүзеге асыратын өндірістік кәсіпорындарда болды
ПАВЛОДАР. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «HAGI–Павлодар» ЖШС облыс орталығында салған жаңа кірпіш зауытында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Премьер-Министр орап-байлау желісін қарап шықты және даяр өнімдер алаңында болды. Зауыттың қуаттылығы ? жылына 70 млн. дана жылтыр керамикалық кірпіш шығару, неміс технологиясы бойынша құрылған жобаның құны ? 600 млн. теңге. Өндіріс ? автоматтандырылған, компьютермен басқарылады.Премьер-Министр болған келесі нысан республикалық серпінді жобаға енетін, мембранды тәсілмен хлор және каустикалық сода өндіретін кәсіпорын. Оның қуаттылығы ? жылына 30 мың тонна каустикалық сода, 26,6 мың тонна сұйық хлор, 45 мың тонна тұзды қышқыл, 6,6 мың тонна гипохлоритті натрий. Бұл өнімдер түсті және қара металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсібінде, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында сұранысқа ие. Үкімет басшысы кәсіпорын үшін құрылып жатқан кезеңдік оқиғаға ? электролизердің іргетасын қаласуға қатысты. Химия зауытының базасында «Каустик» АҚ іске асырып жатқан жобаның құны ? 108 млн. доллар. Жаңа өндірісте 420 жұмыс орны ашылады.Премьер-Министр болған соңғы орын «KSP Steel» ЖШС металлургия зауыты болды. Бұл жерде еліміздің мұнай өндіруші кәсіпорындары үшін диаметрі 60-тан 346-қа дейінгі миллиметр болатын тігіссіз құбырлар шығарылатын болады. К.Мәсімов кәсіпорында іске асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты. Бұл жерде сұйық балқыманы газсыздандыруға арналған вакуумдық құрылғыны өз қаражаттары есебінен салуға даярлық жүргізілуде.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин және «Sider-montagge» компаниясының менеджері Симоне Чизилино Үкімет басшысына инновациялық жобаның іске асырылғаны туралы баяндады. «KSP Steel»-де жобалық қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын Қазақстанның теміржолдары үшін рельстік прокат өндірісін құруда. Құрал-жабдықтарды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арқылы «Даниели» итальяндық фирмасы жеткізіп береді.Премьер-Министр бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өзінің «Павлодар облысына сапары ? «Нұр Отанның» съезінен кейінгі алғашқы сапар» болғанын хабарлады. «Нұр Отан» партиясының съезінде қабылданған еліміздің индустриялық-технологиялық даму бағдарламасына байланысты Үкіметке тапсырма берліді. Облыс аумағында біз көрген нысандар партия съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан дағдарыстан кейінгі кезеңдегі жоспарды іске асыру үшін барлық алғышарттарды құруда.Үкімет басшысының жұмыс сапарында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев ілесіп жүрді.