ҚР Премьер-Министрі Ресей президентін туған күнімен құттықтады

ТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевті туған күнімен құттықтады.

ҚР Премьер-Министрі Ресей президентін туған күнімен құттықтады

«Құрметті Дмитрий Анатольевич! Сізді Туған күніңізбен құттықтаймын. Сізге Ресейдің игілігі үшін атқарып отырған жұмысыңызға толағай табыс тілеймін», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында.

Еске сала кетсек, Дмитрий Анатольевич Медведев 1965 жылдың 14 қыркүйегінде Ленинградта дүниеге келді.

Толыққанды ақпаратты http://pm.kz , сондай-ақ http://www.facebook.com/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov сайттарынан көруге болады.