ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов мереке күндері қолайсыз жағдайларға жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізді

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мерекелік демалыс күндері қолайсыз жағдайларға жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Ағымдағы жағдайлар туралы Төтенше жағдайлар министрі В.Божко, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары А.Рау баяндады.

Үкімет басшысы мереке кезеңінде қолайсыз жағдайларға жол бермеу және қалыпты тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін айрықша бақылауға алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға өкім етті.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр өкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар