ҚР Премьер-Министрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Директорлар кеңесінің отырысын өткізді, оның нәтижесінде ҚР Парламентінде биыл күзде қоғамдық тыңдау жоспарланған. Бұл туралы Үкімет басшысы өзінің Туиттердегі аккаунтында мәлім етті.
None
None

«Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің отырысын өткіздім. Биыл күзде Парламентте қоғамдық тыңдау өткізу керек», - деп бөлісті жазбасымен ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Туиттердегі аккаунтында.

Естеріңізге салсақ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформациялау бағдарламасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылады және қор мен онымен бақыланатын компаниялардың қызметін реформалау қарастырылған, деп жазады pm.kz сайты.

Трансформациялау үш бағыт бойынша жүргізіледі: қоржын компаниялардың құнын арттыру, қоржын құрылымының және инвестициялық қызметті жүргізуге Қор тәсілдемесінің өзгеруі, Қорды және оның қоржын компанияларын басқару жүйесіне өкілеттіктерді және жауапкершілікті қайта бөлу.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде қордың және оның компанияларының бәсекеге қабілеттілігі артады, еңбек өнімділігі өседі, қаржы және операциялық көрсеткіштер жақсарады.

Айта кеткен жөн, Трансформациялау бағдарламасының бірінші кезеңі 2017 жылдың соңына дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар