ҚР Премьер-Министрі Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебіне барды

«Дарынды балаларға арналған мектептің 2016 жылдың соңында пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралау барысында Бақытжан Сағынтаев өзін-өзі тану, нанотехнологиялар, биотехнологиялар кабинеттерін, қыш құмыра шеберханасын, асхана мен кітапхананы аралады. Мектеп директоры Б. Қайыржанов оқу орнының жетістіктері туралы айтты», деп хабарлайды Үкіметтің сайты .
Нысанның бірегейлігі - 720 оқушыға арналған негізгі оқу корпусының 120 орынға арналған жатақхана корпусы бар. Бұл шалғайдағы ауылдардан келген дарынды балаларға интернатта тұрып, оқуға мүмкіндік береді.
Мектептің жеті жылдық жұмысы аралығында 466 түлек бітірген, олардың 34-і «Алтын белгі» иегері, 22-сі үздік аттестат иегері. Мектеп түлектері өз оқуларын отандық және шет елдердегі ЖОО-ларда жалғастырып жатыр. Назарбаев университетінде 156 түлек, ҚР жоғарғы оқу орындарында - 283, шетелде - 26 түлек білім алып жүр.