ҚР Премьер-Министрі Сума Чакрабартимен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Премьер-Министрі Сума Чакрабартимен кездесті

Тараптар биылғы 21 қазанда болатын Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске дайындықты, оның ішінде тұрақты әрі сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.