ҚР Премьер-Министрі ТМД ҮБК, Мемлекетаралық кеңеске және ЕурАзЭҚ отырыстарына қатысу үшін Минскіге аттанып кетті
ОРАЛ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ТМД Үкімет басшылары кеңесіне, Мемлекетаралық кеңеске және ЕурАзЭҚ отырыстарына қатысу үшін Минскіге аттанып кетті.
Бейсенбі, 19 мамырда Үкімет басшысы Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен кездеседі. Күннің екінші жартысында К.Мәсімов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады. Сонымен қатар Премьер-Министр ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) кеңейтілген құрамдағы отырысына және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысады.
Отырыстардың қорытындылары бойынша баспасөз мәслихаттары өткізіледі деп күтілуде.