ҚР Премьер-Министрі Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты Түркия халқына көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты Түркия халқына көңіл айтты.
«Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты Бинали Йылдырымға және қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - деп жазылған Үкімет басшысының Твиттердегі парақшасында.