ҚР Премьер-Министрі Жібек жолы халықаралық форумы делегациясының басшыларымен кездесті

АСТАНА. Қазақпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада 8 мен 10 желтоқсан аралығында өткізіліп жатқан Жібек жолы Халықаралық мәдени форумы делегациясының басшыларымен кездесу өткізді.
None
None

Кездесу барысында ШЫҰ аясындағы жан-жақты мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Кәрім Мәсімов келесі аптада Астанада өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Үкіметтері басшылары Кеңесінің отырысы қарсаңында Халықаралық мәдени форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарланды Үкімет басшысының сайтында.

«ШЫҰ экономикалық қана емес, сондай-ақ мәдени ынтымақтастық деп есептеймін. Кез келген ұйымда рухани жасаушы болмаса, ол ұйым өмір сүруге қабілетті емес», - деп баса айтты ҚР Премьер-Министрі.

Жібек жолы Халықаралық мәдени форумы алғаш рет өткізілуде және ол халықаралық мәдени байланыстардың мемлекеттік емес тұғырнамасы болып табылады. Оған ірі мұражайлар мен театрлар басшылары, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, саясаткерлер, халықаралық ұйымдар өкілдері және ШЫҰ мүше мемлекеттерден келген кәсіпкерлер қатысады.

Соңғы жаңалықтар