ҚР Премьер-Министрі «Жібек жолы» конференциясында сөз сөйледі

Өз сөзінде Кәрім Мәсімов Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстарын атап өтті.
«Біз тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарымызды зор мақтаныш етеміз. Біздің экономикамыз әлемнің қарыштап дамып отырған экономикаларының ондығына кіріп отыр. Халықтың жан басына шаққандағы табысы он екі есе өсті. Бүкіләлемдік банк Қазақстанды орта деңгейден жоғары кірісі бар елдер қатарына қосты және және ел әлем экономикасының 50-лігіне кірді», - деді Кәрім Мәсімов.
Премьер-Министр сондай-ақ Қазақстан «бизнес ортасын үшін жағдайды және заңанамалық базаны жетілдіру жолымен инвестициялық ахуалды жақсарту» саясатын жүргізіп отырғанын атап көрсетті.
«Халықаралық әріптестеріміз бен шетелдік инвесторлар бізге заманауи экономика үшін негіз қалауға көмектесті, болашақта біз бірлескен әріптестіктің кеңеюін күтеміз», атап өтті форум қатысушыларына арнаған сөзінде Кәрім Мәсімов.
«Жібек жолы» конференциясы Алматы қаласында 30 қарашада өтіп жатыр, ол өз жұмысын 1 желтоқсанда аяқтайды. Оған 150-ден астам экономиканың түрлі салаларының, мемлекеттік органдардың басшылары, ірі компаниялардың жоғары басқарушылық буынының өкілдері мен сарапшылар қатысуда.
Аталмыш конференцияны The Economist Group-қа кіретін Economist Conferences ұйымдастырды. Саммиттің мақсаты - Орталық Азия елдерінің экономикасындағы нақты экономикалық әлеуетті зерттеу. Бұдан басқа, форум қатысушылары ағымдағы жағдайға талдау жасап, сондай-ақ Орталық Азия аймағының өнеркәсіп секторы дамуының жаңа мысалдарын зерделейді.