ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаевтың төрағалығымен рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ВАК-тың осы жылғы қорытынды отырысы өтті
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) оныншы осы жылғы қорытынды отырысы өтті. ВАК-тың соңғы отырысы ҚР рұқсат беру жүйесінің ауқымды түгендеу жұмыстарын аяқтайды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарланды.
ВАК мүшелері қазақстандық бизнес өкілдерінен құралған сараптамалық топпен бірігіп ҚР рұқсат беру жүйесінің түгендеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасады. Түгендеу жұмыстары комиссияға Қазақстандағы кәсіпкерлерге міндетті қазіргі барлық рұқсаттарды беруді көруге мүмкіндік берді.
Сарапшылардың көбінесе мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қарсы болған шешімдері мен ұсынымдары бойынша талқылау және ашық дауыс беру ВАК-ты бизнес пен биліктің тиімді жұмыс істейтін диалогтық алаңына айналдырды.
Жалпы ВАК-тың қорытынды жұмысы бойынша 925 рұқсат беру құжаттары қаралды, оның 51-і күшін жойып, 6-ы хабарлама беру тәртібіне ауыстырылды, 116 рұқсат беру құжаттары «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасымен белгіленген рұқсаттардың белгісіне сәйкес келмегендіктен тізбеден алынып тасталды. Ол ағымдағы жылдың соңына дейін Парламентке қарауға енгізілетін болады.
«Аталған заң жобасы ВАК жұмысының негізгі қорытындысы болады. Дегенмен, Қазақстанның бірінші құқық қолдану тәжірибесінде рұқсаттардың толық тізбесі мен оларды енгізу мен күшін жоюдың бірыңғай тәртібі белгіленуде», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Соңында заң жобасының қосымшасында 758 құжат бекітілді, оның 719-ы рұқсаттар және 39-ы хабарламалар. Заң қабылданғаннан кейін кез келген жаңа рұқсат біздің мемлекетте ВАК мақұлдағаннан кейін және заңға қосымша болып табылатын тізбеге енгізілгеннен кейін ғана пайда бола алады.
Сонымен қатар, ҚР бірінші вице-премьері заң жобасы ВАК-тың мәртебесін оның өкілеттіктерін кеңейте отырып, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган ретінде бекітетінін ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, Ведомствоаралық комиссия 2015 жылға дейінгі рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасына сәйкес 2012 жылы Үкімет қаулысымен құрылған, сонымен қатар, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» бірыңғай Заң жобасын әзірлеу арқылы ҚР рұқсат беру заңнамасына жаңа қағидаттарды енгізу туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау негізінде құрылған. ВАК-тың құрамына ҚР бірінші вице-премьерінің басшылығымен бірқатар орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Парламент депутаттары және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері кірді.