ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев «АстанаЭкостандарт» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысымен танысты

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев «АстанаЭкостандарт» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев «АстанаЭкостандарт» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысымен танысты

«ҚазАгро» АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиевтің атап өтуінше, жылыжай кешені ағымдағы жылдың 4 тоқсанында толығымен іске қосылатын болады.

«Осы жерден жылына шамамен 1050 тонна қияр мен 900 тонна қызанақ өндіріледі. Бұл елорда нарығын қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады», - деді ол.

Жылыжай кешенінің жалпы аумағы 3 гектарды құрайды. Жобаның құны 1 777,24 млн теңге. Жылыжай іске қосылғаннан кейін 53 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кешенді салу барысында Израильде шығарылатын жабдық пайдаланылуда.