ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткізілген кеңесте Eurocopter-мен бірлесе отырып, қазақстандық тікұшақтарды жасау мәселелері талқыланды
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткізілген «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясын дамытуға арналған кеңесте Eurocopter-мен бірлесе отырып, қазақстандық тікұшақтарды жасау мәселелері талқыланды.
"Қазақстан инжиниринг" мәселелері бойынша кеңес өткіздім. "Eurocopter"-мен бірге өз тікұшақтарымызды жасаймыз», - деп жазды Үкімет басшысы Twitter-дегі жеке парақшасында.
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы 2003 жылы құрылған, ол ҚР көлік құрылысы қызметін жүзеге асырады.