ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ. Келімбетов Парламент Сенатында зейнетақымен қамту туралы заң жобасын таныстырды

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан үкіметі үшін еліміздің зейнетақы жүйесін жаңғырту шеңберінде әйелдердің зейнеткерлік жасын бірте-бірте көтеруден басқа жол жоқ, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов.
None
None

«Есептеулер де, осы жасты 10 жыл ішінде көтермесек, орын алатын бюджеттік шығындар да бар. Біз Сіздерге бәрін де көрсетеміз. Қазір қабылдануы тиіс осы жалғыз шешім екеніне барлығымыз да көз жеткізуіміз керек. Әрине, бұл әсерлі, эмоционалды шешім. Талқылау барысын көріп жүрміз, бірақ үкіметте басқа жол жоқ, сондықтан біз алдарыңызға келіп, осы мәселені шұғыл арада қарастыруларыңызды сұраймыз», - деді Қ. Келімбетов бейсенбі күні ҚР Парламент Сенатында зейнетақымен қамту туралы заң жобасының таныстырылымында депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.

«Қазіргі зейнетақы жүйесіне қатысты сұрақтар көп. Бүгінгі айтқандарыңыздан наразылықты сездім. Бүгінгі зейнетақы жүйесінің алмастыру коэффициенті 40% екенін мойындау керек, бұл халықаралық ұйымдар мойындаған нормалар. Және бүгін бір қиындық бар дегеніміз, алдағанымыз болар», - деді ол.

Қ. Келімбетовтің айтуынша, Қазақстан халық алдындағы міндеттерін халықаралық стандарттар бойынша орындайды. «Мәселе келесі он жылдықтарда осындай деңгейді сақтай алатынымызда жатыр. Міне, соны сақтап қалу үшін осы реформаларды жүргізбекпіз. Олар ауыр болса да, аса қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жұмабек Төрегелдинов үкімет өкілдеріне әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеруді кейінге қалдыру мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Заңды қабылдау керегін түсінемін, әсіресе, жинақтаушы зейнетақы қорларында жатқан қаржыны құтқарып, оларды игі істерге пайдалану үшін. Бірақ әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру туралы бапты 2-3 жылға кейінге қалдыруды ойладыңыздар ма? Ол уақытқа дейін жұмыс орындарын құруға, асықпай жақсылап дайындалуды», - деп сұрады ол.

Соңғы жаңалықтар