ҚР Премьер-Министрінің пайымдауынша, қазіргі қаржы дағдарысы созылмалы сипатқа ие, ол кем дегенде әлі 2 жылға созылады

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, әлем экономикасын шарпыған қазіргі қаржы дағдарысы созылмалы сипатқа ие, ол кем дегенде әлі 2 жылға созылатын болады. Үкімет басшысы бұл пікірін бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен кеше Халықаралық валюта қорының, бірқатар халықаралық экономикалық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздер жүргіздім. Өкінішке қарай, әлемді шарпыған дағдарыс қысқа мерзімді емес, созылмалы. Біз бастапқыда дағдарыс 2009 жылдың көктемінде немесе күзінде түгесіледі деп болжаған едік. Алайда, қазір бұл дағдарыстың кем дегенде 2 жыл болатыны байқалып отыр», деді өз сөзінде Премьер-Министр. «Әлемдік экономика кем дегенде әлі 2 жыл күрделі жағдайда болатындықтан, біз өз ресурстарымызды жоспарлы түрде пайдалануымыз қажет», деп нақтылады сөзін К. Мәсімов. Үкімет басшысы АҚШ, Батыс Еуропа сынды әлемдік экономикалық орталықтар рецессияға кіріп кеткенін, оларда өсім негативті болатынын атап көрсетті. «Біздің негізгі әріптестеріміз ? Ресей мен Қытайда да өсім болған күннің өзінде төмен болады», деді К. Мәсімов. Үкімет басшысының айтуынша, бұл көлік саласын дамыту мәселесіне тікелей әсер ететін болады. Осы орайда ол Көлік және коммуникация министрлігінің басшылығына салада жаппай жұмыссыздықтың белең алмауын қатаң тапсырды.
Соңғы жаңалықтар