ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
None
None

Кеңес мүшелері 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту тұжырымдамасының жобасын, сондай-ақ электр энергетикасындағы қуаттар нарығын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, тұрғын үй-құрылыс жинақтарын дамыту бөлігінде тұрғын үй саясатын дамыту және құрылыс саласында техникалық реттеу жүйесін реформалау мәселелері қаралды.

Соңғы жаңалықтар