ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «С» вирустік гепатитіне байланысты жұмыс кеңесі өтті
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «С» гепатитіне байланысты жұмыс кеңесі өтті, онда ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев хабарлама жасады,
деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ж.Досқалиев азаматтардың қан және қан алмастырғаштар құю кезінде медициналық айла-шарғыға тап болуын болдырмау үшін қабылданған жүйелі және инфекциялық бақылауды күшейту шаралары туралы баяндады.
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдап отырған кешенді жүйелі шараларды мақұлдады. Сондай-ақ Премьер-Министр 1,7 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.