ҚР Премьері Индустрия және жаңа технологиялар, мұнай және газ министрліктерінің басшыларын ұжымдарға таныстырды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов индустрия және жаңа технологиялар, мұнай және газ министрліктері ұжымдарына Әсет Исекешев пен Сауат Мыңбаевты таныстырды.

ҚР Премьері Индустрия және жаңа технологиялар, мұнай және газ министрліктерінің басшыларын ұжымдарға таныстырды

«Қайта құру нәтижесінде екі министрлік: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және ҚР Мұнай және газ министрлігі құрылды. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметіне Әсет Өрентайұлы Исекешев тағайындалды. Жаңадан құрылған мұнай және газ министрлігіне басшы болып Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев тағайындалды. Жарлықта олардың қандай қызметтер атқаратыны нақты көрсетілген», - деді К.Мәсімов.

Атап айтқанда, Премьер Мұнай және газ министрлігі тек осы салалармен ғана емес, электр энергетикасын және басқа да қызметтерді қамтиды.

«Бұғн қоса, Сауат Мұхаметбайұлы, Сіз «ҚазмұнайГазбен» де өзара қарым-қатынастарыңызды ойласуыңыз қажет, өйткені Мемлекет басшысы біздің келісім-шарттарымыз бойынша өкілетті органның мәселелері «ҚазМұнайГаздан» Мұнай және газ министрлігіне берілуі тиіс екенін белгілеп берді», - деп қосты К.Мәсімов.

Үкімет басшысы дүйсенбіге, наурыздың 15-іне дейін кадр саясатына және барлық заңдық мәселелерді реттеуге тапсырма берді.

«Кадр аласапыранын жасаудың қажеті жоқ, жұмыс жасап жатқан барлық адамдар өз жұмыстарына жауап берулері, жұмыстарын жалғастыруы тиіс», - деп қортындылады сөзін Премьер-Министр.