ҚР Премьері Ресейдің ядролық физика саласындағы зерттеулер жөніндегі орталықта өткізетін кездесуі туралы хабарлады
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Мәскеу облысының солтүстігіндегі ғылыми қалашық Дубнадағы - Ресейдің ядролық физика саласындағы зерттеулер жөніндегі ірі орталығына бара жатыр.
«Дубнаға жақындап қалдым. Қызықты кездесу күтіп тұр», - деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-дегі блогында.
Бұған дейін Премьер, Мәскеуде С.Капицамен кездесетінін жазған болатын.