ҚР Премьерінің төрағалығымен өткізілген кеңесте өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың жаңа формалары қарастырылды
ТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов облыс әкімдіктері және ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, делінген Facebook.com-да.
Кеңес барысында басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін субсидиялау мәселелері талқыланды, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың жаңа үлгілері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.