ҚР Президенті Телерадиокешені және ИТАР-ТАСС ынтымақтастық туралы келісті

Kazinform, TASS
Фото: Kazinform

ҚР Президентінің Телерадиокешені мен ТАСС ақпарат агенттігі Ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қол қою Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Құжатқа ҚР Президенті телерадиокешенінің Бас директоры Раушан Қажыбаева мен ТАСС АА Бас директоры Андрей Кондрашов қол қойды.

Осы Келісім бойынша тараптар бірлескен өндіріс және контент алмасу, сондай-ақ жаңа технологияларды пайдаланудағы өзара іс-қимыл мүмкіндігін растады.

«Біздің құжат ақпарат алмасу, кадрлар біліктілігін арттыру және өзара қызығушылық тудыратын оқиғаларды жариялау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға негіз жасайды. Орталық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық аудиторияның хабардарлығын арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Раушан Қажыбаева.

ТРК Президента
Фото: Kazinform

Айта кетсек, ҚР Президентінің Телерадиокешені – құрамына Jibek Joly республикалық телеарнасы, Silk Way және Silk Way Сinema халықаралық телеарналары, «ҚазАқпарат» ХАА және Деректі кино орталығы кіретін толық циклдегі қазақстандық медиа-компания.

ТАСС АА – Ресейдің жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі. Биыл қыркүйек айында агенттікке 119 жыл толды. Күн сайын 6 тілде 3 мыңға жуық хабарлама мен Ресейдегі және шетелдегі меншікті тілшілерінің жүздеген фото және бейне материалдарын жариялайды. Агенттіктің Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбургтегі аймақтық ақпарат орталықтары, Ресей облыстарындағы ондаған бюросы, сондай-ақ 52 елдегі 57 өкілдігі кең аудиторияға Ресей және әлемдегі оқиғалар туралы объективті ақпаратты жылдам алуға және таратуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар